Ирандық студенттер математикадан өткен халықаралық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i39779-Ирандық_студенттер_математикадан_өткен_халықаралық_олимпиадада_жүлделі_орындарға_ие_болды
Ирандық студенттер математика бойынша өткен халықаралық олимпиаданың алғашқы кезеңінде 4 медаль алды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 06, 2018 05:59 Asia/Almaty
  • Ирандық студенттер математикадан өткен халықаралық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды

Ирандық студенттер математика бойынша өткен халықаралық олимпиаданың алғашқы кезеңінде 4 медаль алды.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Амир Кабир атындағы өнеркәсіптік университетінің математика факультетінің командасы қазанның жиырма жетісінен қарашаның бірі аралығында Өзбекстанның Үргеніш университетінде  өткен математика бойынша студенттер арасындағы халықаралық олимпиаданың алғашқы кезеңінде төрт медаль алған.

Студенттер арасында математика бойынша өткен халықаралық олимпиаданың бірінші кезеңінде Ираннан Ваһид Шаһварди алтын, Меһди Хақшенас күміс, Сейеде Фатеме Арфаии мен Мұхаммад Исмаили қола жүлделерді иеленді.

Студенттер арасындағы математика бойынша халықаралық олимпиаданың бірінші кезеңіне әлемнің 20 елінен 57 кәсіби команда мен Өзбекстанның 224 студенті қатысты.