Талибан тобы Мәскеу бейбітшілік отырысына қатысуға әзірлігін мәлімдеді
Талибан тобы Ауғанстандағы бейбітшілік мәселесіне қатысты Мәскеу отырысына қатысуға әзірлігін мәлімдеді.
AVA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Талибан тобының Катардағы саяси кеңсесінің баспасөз өкілі Сохейл Шахин: "Бұл топтың өкілдері Ауғанстанда бейбітшілік орнату жөніндегі Мәскеу отырысына қатысу арқылы соғысты аяқтап, елде қауіпсіздік орнатуға әзірлігін мәлімдейді", - деп хабарлады.
Талибан тобы мұның алдында Ауғанстан бейбітшілік келіссөздеріне қатысуды шетелдік әскери күштерді елден шығарудың кепілі деп атаған болатын.
Ауғанстан СІМ-нің ақпарат өкілі Себғатолла Ахмади да Мәскеу бейбітшілік отырысына Бейбітшілік Жоғары Кеңесінің бірқатар мүшесі қатысатынын мәлімдеді.
Қыркүйек айында өткізілуі тиіс болғанымен Ауғанстан үкіметінің өтінішімен кейінге қалдырылған Мәскеу бейбітшілік отырысы қарашаның тоғызы күні өтеді.