Ирандық спортшы қыз каратеден әлем чемпионатында қола жүлде алды
Қар 11, 2018 12:05 Asia/Almaty
Иранның 50 кг салмақтағы каратешісі Сара Баһманиар әлемдік чемпионатта қола жүлде алды.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, каратеден әлем чемпионатының 24-ші кезеңінің бесінші күні 50 кг салмақтағы каратешілер кездесуінде Сара Баһманиар ресейлік қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп, қола жүлдеге ие болды.
Бұдан бұрын осы чемпионатта 84 кг салмақтағы каратешілер Саджад Гянджзаде күміс жүлде, Забихулла Пуршиб қола жүлде алған болатын.
Бұл чемпионат 2020 жылы Токиода өтетін олимпиадаға жолдама алу үшін карате бойынша ең жоғары әлемдік рейтингке ие жарыс саналады.
Тегтер