Жағалау футболы бойынша Иранның ұлттық командасы құрлықаралық кубоктың жеңімпазы атанды
Қар 11, 2018 12:21 Asia/Almaty
Жағалау футболы бойынша Иранның ұлттық командасы Ресей командасын жеңіп, құрлықаралық кубоктың жеңімпазы атанды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран мен Ресей командалары сенбі күні кешке жағалау футболы бойынша БАӘ-де өткен 2018 жылғы құрлықаралық кубоктың финалында кездесті. Ойын 4:2 есебімен Иранның мүддесіне аяқталды.
Иран топтық кезеңде де Ресей командасын жеңген болатын.
Жағалау футболы бойынша құрлықаралық кубок әлемнің 8 үздік командасының (Испания, Бразилия, БАӘ, Мысыр, Иран, Ресей, Таити мен АҚШ) қатысуымен БАӘ-де өтті.
Тегтер