Қазақстан "Ашхабад келісіміне" қосылады
Қазақстан үкіметі "Ашхабад келісімі" деп аталатын Түркіменстан-Өзбекстан-Иран-Оман халықаралық тасымал дәлізіне қосылуға келісім берді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ҚР Үкіметі Астананың "Ашхабад келісімі" деп аталатын Иран, Оман, Катар, Түркіменстан және Өзбекстанның халықаралық тасымал жөніндегі жобасына қосылатынын растаған. Қазақстан СІМ енді аталмыш жобаның жүзеге асырушысы Түркіменстан үкіметіне өтініш жолдауы керек.
"Ашхабад келісімі" — Иран, Түркіменстан, Оман, Катар мен Өзбекстанның қатысуымен Орталық Азиядан Парсы шығанағы мен Оман теңізіне тауар және жолаушы тасымалдайтын транзиттік дәліз құруды мақсат ететін жоба.
Сонымен қатар, тараптар тауар тасымалдау мерзімін қысқартып, шығындарды азайтып, қауіпсіздікті арттырып, әкімшілік және т.б. істерді жеңілдету мақсатында талпыныс жасап жатыр.