Әйелдер арасындағы Иранның ұлттық волейбол командасы әлем бойынша 39 орында
https://parstoday.ir/kz/news/world-i39958-Әйелдер_арасындағы_Иранның_ұлттық_волейбол_командасы_әлем_бойынша_39_орында
Әйелдер арасындағы Иранның ұлттық волейбол командасы Халықаралық федерацияның рейтингінде әлем бойынша 79 сатыға жоғарылап, 39-шы орынға тұрақтады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 18, 2018 11:30 Asia/Almaty
  • Әйелдер арасындағы Иранның ұлттық волейбол командасы әлем бойынша 39 орында

Әйелдер арасындағы Иранның ұлттық волейбол командасы Халықаралық федерацияның рейтингінде әлем бойынша 79 сатыға жоғарылап, 39-шы орынға тұрақтады.

Халықаралық волейбол федерациясы сенбі күні әлем бойынша жаңа рейтингтегі ең үздік әйелдер командаларын жариялады. Соның негізінде Иран командасы 10 ұпаймен Франция, Коста-Рика, Никарагуа, Гватемала, Фиджи аралдары және Словения командаларымен ортақ 39-шы орынға тұрақтады.

Әйелдер арасындағы Иранның ұлттық волейбол командасы өткен айларда айтарлықтай жеңістерге жетті. Команда 2018 жылдың қыркүйек айында 4 жеңіс және 1 жеңіліспен Венгрияда өткен Szeles Peter халықаралық волейбол турнирінде екінші орын алды.

Иранның әйелдер арасындағы ұлттық волейбол командасы, сондай-ақ, Тайланда өткен клубтық Азия чемпионатында 5 рет жеңді.