Әйелдер арасындағы Иранның ұлттық волейбол командасы әлем бойынша 39 орында
Әйелдер арасындағы Иранның ұлттық волейбол командасы Халықаралық федерацияның рейтингінде әлем бойынша 79 сатыға жоғарылап, 39-шы орынға тұрақтады.
Халықаралық волейбол федерациясы сенбі күні әлем бойынша жаңа рейтингтегі ең үздік әйелдер командаларын жариялады. Соның негізінде Иран командасы 10 ұпаймен Франция, Коста-Рика, Никарагуа, Гватемала, Фиджи аралдары және Словения командаларымен ортақ 39-шы орынға тұрақтады.
Әйелдер арасындағы Иранның ұлттық волейбол командасы өткен айларда айтарлықтай жеңістерге жетті. Команда 2018 жылдың қыркүйек айында 4 жеңіс және 1 жеңіліспен Венгрияда өткен Szeles Peter халықаралық волейбол турнирінде екінші орын алды.
Иранның әйелдер арасындағы ұлттық волейбол командасы, сондай-ақ, Тайланда өткен клубтық Азия чемпионатында 5 рет жеңді.