Ирандық қақпашы Азия футболының үздік үміткерлерінің қатарына енді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i39975-Ирандық_қақпашы_Азия_футболының_үздік_үміткерлерінің_қатарына_енді
Иранның ұлттық футбол командасының қақпашысы Әлиреза Биранванд Азия футболының үздік ойыншысы атағына ие болуға үміткер 3 футболшының бірі болды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 18, 2018 17:49 Asia/Almaty
  • Ирандық қақпашы Азия футболының үздік үміткерлерінің қатарына енді

Иранның ұлттық футбол командасының қақпашысы Әлиреза Биранванд Азия футболының үздік ойыншысы атағына ие болуға үміткер 3 футболшының бірі болды.

Азия Футбол конфедерациясы "Персеполис" командасы мен Иранның ұлттық командасының қақпашысы Әлиреза Биранванд, "Әс-Садд" және Қатардың ұлттық командаларының қорғаушысы Абдолкарим Хасан, сондай-ақ, Жапонияның Касима Антлерс командасының шабуылдаушысы Юма Судзуки биылғы жылдың үздік ойыншысы атағына үміткерлер ретінде жариялады.

Биранванд 2018-шы жылы "Персеполис" командасымен Иран Лигасының қаһарманы және Азия Лигасының екінші орнына жетіп, Ресейде өткен әлемдік чемпионатта Иранның ұлттық командасының құрамында жақсы ойын көрсетті.