Зариф италиялықтармен Еуропаның қаржы механизмі жайлы сұхбаттасады
(last modified Thu, 22 Nov 2018 09:07:24 GMT )
Қар 22, 2018 15:07 Asia/Almaty
  • Зариф италиялықтармен Еуропаның қаржы механизмі жайлы сұхбаттасады

ИИР Сыртқы істер министрі сәрсенбі күні кешке Италия астанасы Римде тілшілерге берген сұхбатта сол елдің басшыларымен Еуроодақтың Иранмен қаржы желісін реттеу механизмін (SPV) талқылап, пікір алмасуды жоспарлап келгенін мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, "Жерорта теңізі диалогы" атты жыл сайынғы саммитке қатысу үшін Римге келген Мұхаммад Джавад Зариф саммитті Иранның Таяу Шығыс аймағының өте қауіпті жағдайына, АҚШ-тың біржақты саясаттарына, экстремизм мен терроризмге қатысты ұстанымдарын жеткізу үшін берілген жақсы мұрсат деп атады.

Зариф саммитке қатысуымен қатар Италияның кейбір басшылары және саммитке келген жауапты тұлғалармен келіссөздер өткізіп, осы елде тұратын ирандықтар, италиялық саудагерлер және кәсіпкерлермен сұхбаттасатынын да айтты.  

Зариф, сондай-ақ, әлемнің 56 елінің өкілдері қатысатын "Жерорта теңізі диалогы" атты жыл сайынғы халықаралық конференцияда баяндама жасайды.