Қар 22, 2018 16:10 Asia/Almaty
  • Мэттис:

АҚШ-тың Қорғаныс министрі сәрсенбі күні "Йемен бейбітшілігі" келіссөздерінің жаңа кезеңінің 1 желтоқсанда Швецияның астанасы Стокгольм қаласында өтетінін хабарлады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Джеймс Мэттис, сондай-ақ, Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің Йеменнің батысындағы әл-Ходайдаға шабуылдарын тоқтататынын да айтты.

Мэттистің бұл уәждері саудиялық қырғи ұшақтар соңғы күндері әл-Ходайданы бомбалаған жағдайда айтылды.

Әл-Ходайда айлағы Йеменге гуманитарлық көмек жеткізетін басты жол болып табылады.

БҰҰ Бас хатшысының Йемен істері жөніндегі арнайы өкілі Мартин Гриффитс жуырда "Йемен бейбітшілігі" келіссөздерінің Швецияда өтетінін хабарлаған болатын.

Йемен дағдарысын шешуге бағытталған саяси келіссөздер осы уақытқа дейін Сауд Арабиясы мен оның одақтастарының бүлдіргі әрекеттері салдарынан жеңіліске ұшырады.  

 

Тегтер