Зариф: АҚШ-пен ядролық келіссөз жүргізілмейді
(last modified Fri, 23 Nov 2018 14:16:04 GMT )
Қар 23, 2018 20:16 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ-пен ядролық келіссөз жүргізілмейді

Иран Сыртқы істер министрі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қолдау білдіріп, Иран АҚШ-пен ядролық келіссөздерді қайталау мүмкін емес деп санайтынын мәлімдеді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Римде «Жерорта теңізі диалогы» атты отырыста америкалықтардың Иранмен ядролық келіссөздердің жаңа кезеңін бастау үшін жасап жатқан талпыныстарына білдірген реакциясында: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – жақсы келісім. Бұдан былай ИИР өзінің ядролық бағдарламасы туралы АҚШ-пен келіссөз жүргізбейді»,-деді.

Зариф ИИР мен әлемнің алты елінің ядролық келіссөздерінің алдыңғы кезеңінің 12 жылға созылып, нәтижесінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы болғанына тоқталып: «Ендігі кезек – Еуропа мен осы келісімнің басқа мүшелерінде. Әлемнің қауіпсіздігі үшін инвестиция салып, қаражат жұмсауы керек тарап та солар»,-деді.

Зариф ИИР халқы мен жүйесіне қарсы кейбір жауластықтарға тоқталып: «Иран Ислам революциясынан кейінгі 40 жыл бойы ғана емес, 7000 жыл бойы сақталып келді және әлі де мықты сақталады»,-деді.

Мұхаммад Джавад Зариф Сауд Арабиясы мен кейбір аймақ елдерінің Саддам, ДАИШ, Талибан мен ән-Носрат майданын қолдағанына тоқталып, осы елдерге өздерінің аймақтағы саясаттары мен қатынастарын өзгертуге кеңес берді.