Иран теңіз құрылысы саласында әлемнің дамыған елдерінің қатарында
https://parstoday.ir/kz/news/world-i40101-Иран_теңіз_құрылысы_саласында_әлемнің_дамыған_елдерінің_қатарында
Иранның Айлақтар және теңіз қатынасы ұйымының басшысы ИИР-ның теңіз құрылысы және инженерия саласында әлемнің дамыған әрі өз-өзін қамтамасыз ететін елдерінің қатарына жататынын айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 27, 2018 07:52 Asia/Almaty
  • Иран теңіз құрылысы саласында әлемнің дамыған елдерінің қатарында

Иранның Айлақтар және теңіз қатынасы ұйымының басшысы ИИР-ның теңіз құрылысы және инженерия саласында әлемнің дамыған әрі өз-өзін қамтамасыз ететін елдерінің қатарына жататынын айтты.

Мұхаммад Растад дүйсенбі күні Теһранда 13‑ші Халықаралық жағалаулар, айлақтар және теңіз құрылысы форумында сөйлеген сөзінде Иранда айлақтарды дамытуға қатысты отандық мамандардың жобалауы мен қатысуынсыз орындалған ешбір жоба жоқтығын айтты.

Растад Иранның теңіз инженериясындағы мүмкіндіктерінің ешкімге жасырын емес екенін айтып: «Иранның теңіз өнеркәсібіне салынған біржақты әрі заңсыз санкцияларға қатысты Теһран позициясының дұрыстығын әлемдегі ең жоғары теңіз ұйымдары растады»,‑деді.

Халықаралық теңіз көлік инфрақұрылымы ассоциациясының (PIANC) басшысы Ван Каплан да 13‑ші халықаралық жағалаулар, айлақтар, теңіз құрылысы форумында Иранды Теңіз экологиясы және кеме қатынасы комиссиясындағы белсенді мүше деп атады.

Иранның Айлақтар мен теңіз қатынасы ұйымы 2010 жылы Таяу Шығыстағы шарттарға сай жалғыз мүше ретінде ресми түрде осы ассоциацияның құрамында өз жұмысын бастады.