ЮНИСЕФ: Ауғанстан балалар үшін өте қауіпті
(last modified Wed, 28 Nov 2018 08:40:32 GMT )
Қар 28, 2018 14:40 Asia/Almaty
  • ЮНИСЕФ: Ауғанстан балалар үшін өте қауіпті

ЮНИСЕФ-тің байланыс департаментінің директоры сейсенбі күні Ауғанстандағы жағдайдың балалар үшін өте қауіпті екенін, 2018-ші жылдың бірінші жартысында Ауғанстанда шамамен 5000 баланың қаза болып, жараланғанын хабарлады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Элисон Паркер: "Биылғы жылдың бірінші жарты жылында құрбан болған ауған балалардың саны 2017-ші жылы құрбан болғандардың санына теңелді. Ауғанстандағы биылғы құрғақшылық салдарынан 6 миллион адам, соның ішінде 3 миллион бала гуманитарлық көмекті қажет етіп отыр. Астық пен қауіпсіздіктің жоқтығы 3 миллионнан астам баланың білім алудан кенде қалуына себеп болды",- деді. Ауғанстан басшылары мен мамандарының көбі АҚШ-ты елдеріндегі соғыс пен бейберекеттіктердің негізгі себепкері санайды.