Америка құрлығының әйелдері – жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбандары
Бір халықаралық ұйым Америка құрлығы әйелдерінің 60 пайызының жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналғанын мәлімдеді.
France Press ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымы (PAHO) бейсенбі күнгі есебінде Америка құрлығындағы әр үш әйелдің біреуінің өмірінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын мәлімдеген.
Бұл мәлімдемеде күйеуі көрсеткен зорлық-зомбылықтың Америка құрлығындағы әйелдерге қарсы зорлықтың ең кең тараған түрі саналатыны айтылған.
Вашингтонда орналасқан PAHO ұйымының зерттеулеріне сәйкес, 15-49 жас аралығындағы әйелдердің басым бөлігі жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды.
PAHO ұйымының зерттеулеріне сәйкес, АҚШ-та жылына орташа есеппен 12 жастан бастап 228 820 қыз бала жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналады.