№2231-ші қарар Иранның зымырандық бағдарламасына тыйым салмайды
БҰҰ-ғы ИИР өкілі сейсенбі күнгі мәлімдемесінде АҚШ-тың Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарарын өз еркімен сараптауын қабылдамай: «Бұл қарар Иранның зымырандық бағдарламасына тыйым салмайды, шектеу де қоймайды»,- деді.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, БҰҰ-дағы Иран өкілі өз елінің зымырандық бағдарламасына қатысты барлық жұмыстарының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарарына толығымен сай екенін қуаттап: «АҚШ аталмыш қарарды өзі бұзып, Иранды бұзды деп айыптайды. АҚШ қате, ойдан шығарған мәліметтер ұсынып, №2231-ші қарарды қате сараптап, оны Иранға қарсы пайдалануға талпынуда»,- деді. БҰҰ-дағы Иран өкілі өз елінің баллистикалық зымырандарының ядролық оқтұмсық тасымалдау үшін жобаланбағанын айтып, Иранның еш уақытта ядролық қару шығаруды көздемегенін, келешекте де көздемейтінін қуаттады.