Сионистердің Палестинадағы басқыншылығы – Таяу Шығыстағы дағдарыстың басты себебі
ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінің елшісі сионистердің Палестинадағы басқыншылығын Таяу Шығыстағы дағдарыстың басты себебі деп атады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Исхақ Але Хабиб бейсенбі күні түстен кейін БҰҰ Бас ассамблеясында АҚШ-тың Палестина исламдық қарсыласу қозғалысына (ХАМАС) қарсы ұсынған қарарының жобасына қарсылық білдіріп, оны АҚШ-тың палестиналықтарға қатысты сыртқы саясатының шынайы болмысының көрінісі деп атап: «Бұл саясат қоғамдық пікірді алдарқатып, Палестинаның құқығын мүлдем көзге ілмеу және Израильді ешбір шартсыз әрдайым қолдауға негізделген»,-деді.
ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінің елшісі сионистік режимнің палестиналықтар, әсіресе қоршауға алынған Газа секторына қарсы қылмыстарын айыптап, қарар жобасының Палестинаның Израиль режимі тарапынан басып алынғанын, сол территорияға қалашықтар салғанын назарға алмағанын айтты.