Каратэден әлем чемпионатында ирандық спортшы жеңімпаз атанды
Иранның 84 килограмнан төмен салмақтағы каратэшісі Забихолла Пуршиб Қытайда каратэден өткен чемпионатта алтын медаль алды.
Қытайдағы кумитэ әлемдік чемпионатының соңғы күні Забихолла Пуршиб қазақстандық каратэшіні жеңіп, алтын медальға қол жеткізді. Пуршиб финалға жету үшін Тайвань, Жапония, Қытай мен Ресей елдерінің бәсекелестерін жеңді.
Бұдан бұрын Қытайдағы кумитэ каратэ әлемдік чемпионатында ирандық Миад Йари 60 килограмм салмақтан төмен категорияда, Амир Меһдизаде 67 килограммнан төмен салмақта алтын медаль иемденген болатын.
Қытайдағы әлемдік каратэ чемпионаты – Токиодан өтетін Олимпиада-2020 ойындарына қажет үлеске ие болу үшін өткізіліп жатқан ойындардың бірі. Бұл жарысқа әлемнің 80 елінің 1176 каратэшісі қатысты.