Иран – әлемде болат өндірісі бойынша оныншы ел
https://parstoday.ir/kz/news/world-i40321-Иран_әлемде_болат_өндірісі_бойынша_оныншы_ел
Ираның Болат ассоциациясының басшысы Бахрам Сұбхани Иранның әлемде болат өндірушілер арасында екі сатыға жоғарылағанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 10, 2018 18:31 Asia/Almaty
  • Иран – әлемде болат өндірісі бойынша оныншы ел

Ираның Болат ассоциациясының басшысы Бахрам Сұбхани Иранның әлемде болат өндірушілер арасында екі сатыға жоғарылағанын хабарлады.

Ираның Болат ассоциациясының басшысы Бахрам Сұбхани дүйсенбі күні осы ассоциацияның отырысында Иранның аймақта бірінші болат өндіруші ел екенін, елдің әлемдегі болат өндірушілер арасындағы орнының 2018 жылдың басынан қазан айына дейін 12-орыннан 10-орынға көтерілгенін хабарлады.

Иранның Болат ассоциациясының хабарлауы бойынша, елдегі болат өндірісі 2018 жылдың 10 айында 19 пайызға өскен.

Осы хабарға сәйкес, Иран 2018 жылдың қаңтар айының басынан қазан айының соңына дейін 20 млн 590 мың тонна шикі болат өндірген. Бұл көлем өткен жылдың ұқсас мерзімінде 17 млн 304 мың тонна болды.  

Ираның Болат ассоциациясының хабарлауы бойынша, Қытай, Үндістан, Жапония, АҚШ пен Оңтүстік Корея – әлемде шикі болат өндіретін бес үздік ел.