Иран мен Ирландия екіжақты ынтымақтастықтарын арттырады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i40376-Иран_мен_Ирландия_екіжақты_ынтымақтастықтарын_арттырады
Иран мен Ирландияның достық парламенттік тобы бейсенбі күнгі ортақ мәлімдемесінде екіжақты ынтымақтастықты арттыратынын қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 14, 2018 14:08 Asia/Almaty
  • Иран мен Ирландия екіжақты ынтымақтастықтарын арттырады

Иран мен Ирландияның достық парламенттік тобы бейсенбі күнгі ортақ мәлімдемесінде екіжақты ынтымақтастықты арттыратынын қуаттады.

Мәлімдемеде сауда қарым-қатынастары мен экономикалық ынтымақтастықтарды қолдаудың екі ел арасындағы ынтымақтастықтарды нығайту үшін қажет екендігі баса айтылып: «Иран мен Ирландияның қазіргі сауда айналымының мөлшері шамамен 140 миллион еуроны құрайды. Бұл мөлшер екі жақтың мүмкіндіктеріне сай емес»,- деп көрсетілген.

Иран мен Ирландияның достық парламенттік тобының басшылары екі елдің халықаралық маңызды мәселелерге қатысты ортақ көзқарастарға ие екендігіне тоқталып: «Теһран мен Дублин аймақ пен халықаралық мәселелерді дипломатиялық және бейбіт  түрде шешуді маңызды деп санайды. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – маңызды дипломатиялық жетістік. Ирландия Иран мен Еуроодақтың ұстанымдарын қолдап, келісімнің толық іске асырылуының маңыздылығын қуаттайды»,- деді.