Иран мен Хорватия спорт саласындағы ынтымақтастықтарын арттырады
Иран мен Хорватияның Ұлттық Олимпиада комитеттері екіжақты ынтымақтастықтарын арттыру туралы пікір алмасты.
Иранның Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Сейд Реза Салехи Амири жексенбі күні Хорватияның Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Златко Матешамен Загребтегі кездесуінде спорттың әртүрлі салаларындағы Иранның жетістіктеріне тоқталып, Иранның әртүрлі спорт түрлері бойынша Хорватиямен ынтымақтастық жасауға әзірлігін мәлімдеді.
Хорватияның Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы да Иранмен әртүрлі спорт түрлері бойынша ұстаз, тәрбиеші және студенттермен алмасу туралы ұсыныс жасады.
Хорватияның футбол федерациясын аралап, оның Президенті Давор Шукермен кездесу Иранның Ұлттық Олимпиада комитеті басшысының Хорватия сапарының бағдарламасының бірі болды.