Иранның Тблисидегі елшілігі алаяқтардан сақ болуға кеңес берді
ИИР-ның Грузиядағы елшілігі азаматтарына Тблисиде өздерін ИИР-ның мемлекеттік ұйымдары, қауіпсіздік және тәртіп сақтау органдары мен Иран елшілігінде қызмет атқаратын немесе солармен байланысы бар деп айтып, алаяқтық жасап жатқан пайдакүнемдерден сақ болуға кеңес берді.
Иранның Тблисидегі елшілігі: «Кейбір адамдардың қызмет белгісі мен құжаттарды қолдан жасап, Иранның немесе Грузияның мемлекеттік органдары және басшыларымен ерекше байланысы барын көрсетіп, немесе өздерін Тблисидегі Иран елшілігінің қызметкері ретінде таныстырып, адамдардың сеніміне кіріп, түрлі уәделер беру арқылы алаяқтық жасап жатқанына тағы куә болдық.
Иран азаматтарына өздерінің сауда-саттық, тұру рұқсаты және т.б. мәселелерін тек заңды органдар арқылы қадағалап, кейбір адамдардың заңсыз жолмен сол істерді жеңілдетуге негізделген уәделеріне сенбеуге кеңес беріледі",- деп мәлімдеді.