Ұлыбритания әл-Каиданың қайта пайда болғаны туралы ескертті
Ұлыбритания Ішкі істер министрінің қауіпсіздік жөніндегі орынбасары сенбі күні әлемде "әл-Каида" лаңкестік тобының қайта пайда болғаны туралы ескертіп: "Бұл топ Еуропада әуежайлар мен жолаушы тасымалдаушы ұшақтарда жаңа лаңкестік әрекеттер жасауды көздеп отыр",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бен Валлас "The Sunday Times" апталық газетіне берген сұхбатында: "Әл-Каида қатері күшейіп барады. Бұл Ұлыбритания министрлерін ұйқыдан айырды.
Қауіпсіздік қызметтері тексерістерінің нәтижесі көрсеткендей, лаңкестік топ қазір жолаушы тасымалдаушы ұшақтардың құлауына әкеліп соқтыратын дамыған технологиялармен жұмыс істеп жатыр.
«Әл-Каида" лаңкестік тобы бұрынғыдай ұшқышсыз ұшақтарға жарылғыш заттар қоюмен айналысуда. Осылайша оларды басты нысаналарға қолдануды көздеп отыр",-деді.
Валластың бұл сөзі белгісіз ұшқышсыз ұшақтар Лондонның "Гатвик" әуежайы жұмысын 3 күнге тоқтатып, мыңдаған жолаушыны сергелдеңге салған жағдайда айтылды.