2019 жылдың ақпан айында Орта Азияда ортақ виза жобасы жүзеге асырылады
Жел 23, 2018 19:36 Asia/Almaty
Өзбекстанның Туризм мемлекеттік комитеті басшысының орынбасары Ұлықбек Қасымқожаев 2019 жылдың ақпан айында "Silk Visa" деп аталатын Орта Азияға ортақ виза жобасының жүзеге асырылатынын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ұлықбек Қасымқожаев визаны Орта Азия аймағына шетелдік туристерді көбірек тартып, осы аймақты көбірек таныстыру мақсатында қолға алынған шара деп атап: "Қырғызстан мен Тәжікстан да Орта Азияға ортақ виза жобасына қызығушылық танытып отыр. Әзірбайжан мен Түркия да бұл жобаға қосылуды қалайды",-деді.