Орталық Азияда «Жібек жолы» визасы қолданысқа енеді
(last modified Tue, 25 Dec 2018 12:15:13 GMT )
Жел 25, 2018 18:15 Asia/Almaty
  • Орталық Азияда «Жібек жолы» визасы қолданысқа енеді

Өзбекстан мен Қазақстан 2019-шы жылдың басынан Орталық Азия аймағының ортақ «Жібек жолы» визасын қолданысқа енгізуді көздеп отыр.

Өзбекстанның Ұлттық туризм комитеті Төрағасының орынбасары Улугбек Касымходжаев алдағы жылдың ақпан айынан Орталық Азия  елдерінің ортақ визасы жобасының  қолданысқа енетінін мәлімдеп, жобаның мақсатының Орталық Азия аймағына шетелдік туристерді көбірек қызықтыру және аймақты көбірек таныстыру мақсатын көздейтінін айтты.

«Жібек жолы» деген Орталық Азияның ортақ визалық жобасы Еуроодақ мүшелері арасындағы Шенген визасына ұқсас виза болады. Шенген аймағына Еуропаның 26 мемлекеті кіреді. Бұл елдер Шенген визасы арқылы Еуроодақтың ішінде өз азаматтарына бір елде жүргендей визасыз қатынас жасауға рұқсат етуге келіскен.

Негізінде виза беру – Орталық Азия республикалары, әсіресе Тәжікстан мен Қырғызстан үшін кіріс көздерінің бірі.

Орталық Азия республикалары арасында ортақ визаны пайдалану жобасын ағымдағы жылдың жазында ТМД елдерінің туризм жөніндегі кеңесінің отырысында Қазақстан ұсынды. Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрайымы Майнюра Мурзамадиева ТМД елдерінің туризм жөніндегі кеңесінің отырысынан кейін Душанбеде Тәжікстанның ақпарат құралдарына берген сұхбатында жобаны өзі ұсынғанын және бұл жоба бойынша турист виза алған соң өз еркімен Жібек жолы бойында орналасқан Орталық Азия аймағының әр мемлекетіне сапар шеге алатынын мәлімдеп: "Бірінші кезеңде  бұл жоба Өзбекстан мен Қазақстан арасында қолданысқа енеді. Кейін Орталық Азия мен Кавказ аймағының басқа мемлекеттері, сондай-ақ   азиялық басқа және тіпті Шығыс Еуропа елдері қосылады",- деді.

Негізінде Орталық Азя мен Кавказ республикалары бұдан бұрын Кеңес Одағының мүшелері ретінде 70 жылдан астам уақыт ел арасында бойы еркін қатынап жүрген. Сондықтан тәуелсіздік алғаннан бері 30 жылға жуық уақыт өткенімен олар бұрынғы қатынас жүйесін пайдаланғысыы келеді. Кеңес Одағының темір жолдары мен құрлық жолдары діттеген жерлеріне жету үшін бірнеше елден өтетіндей етіп жобаланған. Орталық Азия республикалары тәуелсіздік алған соң бұл қатынас сол елдердің азаматтары үшін қиындық тудырды. "Жібек жолы" визасы қолданысқа енгізілген жағдайда Орталық Азия республикалары ТМД-нің басқа республикаларына кіріп-шығу қиындығынан құтылып, қатынастары Кеңес Одағы кезеңіндегідей жеңілдейді.

 

 

Тегтер