Пентагон Иранның Ауғанстандағы сындарлы рөлін мойындады
Пентагон өз мәлімдемесінде Иранның Ауғанстанды қауіпсіздікпен қамтамасыз етудегі сындарлы рөлін мойындады.
АҚШ үкіметінің Иранға қарсы айыптары мен «Иран Ауғанстанды тұрақсыздандыруға талпыныс жасап жатыр» деген жобасының жалғасуына қарамастан Пентагон ағымдағы жылдың желтоқсан айында Конгреске жасаған мәлімдемесінде Иранның Ауғанстанда тұрақты үкімет орнатқысы келетінін мойындады.
Аталмыш мәлімдеменің Ауғанстандағы шетелдердің рөліне қатысты бөлімінде Иран туралы: «АҚШ пен НАТО-ның әскери араласуын тоқтату, шекара қауіпсіздігін қорғау мен Ауғанстандағы ДАШ лаңкестік тобын жою Иранның маңызды мақсаттарының қатарына жатады. Иранның мақсаты Ауғанстан үкіметімен ынтымақтастық жасап, Талибанның қоқан-лоққыларымен қарсыласу. Ауғанстаның әртүрлі аймақтарының халқы Иранмен мәдени қарым-қатынас жасауды қолайды»,- деп айтылды.
Бұл мәлімдеме Ауғанстан халқы мен үкіметі сан рет америкалық әскерилердің бұл елден шығуын сұраған жағдайда жарияланды. Ауғанстан үкіметі мен халқы АҚШ-тың әскери араласуын бейберекеттердің күшеюі мен есірткі өндірісі мен оның контрабандасының артуының себебі санайды.