Сербиядағы кинофестивальге ирандық фильм қатысады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i40581-Сербиядағы_кинофестивальге_ирандық_фильм_қатысады
Қысқаметражды "Зебһ" фильмі Сербиядағы 12-ші халықаралық "Кустендорф" кинофестивалінде Иранның атынан қатысып жатыр.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 27, 2018 16:13 Asia/Almaty
  • Сербиядағы кинофестивальге ирандық фильм қатысады

Қысқаметражды "Зебһ" фильмі Сербиядағы 12-ші халықаралық "Кустендорф" кинофестивалінде Иранның атынан қатысып жатыр.

Ирандық қысқаметражды "Зебх" фильмі қиын қыс мезгілінен аман-есен шығу үшін жалғыз қалған малы, яғни сиырын сатуға мәжбүр болып, бірақ баласы бұл шешімге разы болмай, сиырды қашырып жіберген отбасының басынан өткен хикаяны баяндайды.

"Мал сою" фильмі Сербия кинофестивалінің бұл кезеңінде Америка құрлығының елдері, Франция, Түркия, Испания, Германия, Польша, Швейцария, Филиппин, Сирия, Куба, Ресей, Словакия, Норвегия мен Аустралия елдерінің кинотуындыларымен бәсекеге түседі.

Ирандық фильм мұның алдында Болгарияда өткен Студенттер арасындағы 14-ші халықаралық кинофестивальде шет тіліндегі ең үздік фильм атанып, ел ішіндегі және шетелдегі бірнеше фестивальде табысқа жеткен болатын.

Сербиядағы 12-ші халықаралық кинофестиваль қаңтардың 11-16 аралығында өткізіледі.

Кустендорф – Белградтың оңтүстігінде орналасқан ауылдың атауы.