Иранның 6 каратешісі әлем үздіктерінің қатарында
Дүниежүзілік Карате федерациясының 2018 жылғы соңғы рейтингі жарияланды. Соған сәйкес Иранның 6 каратешісі әлемнің үздік 10 спортшысының қатарына ілікті.
Иранның Карате федерациясының сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Қытайдың «Ван» каратесінен кейін жарияланған Дүниежүзілік Карате федерациясының ең жаңа рейтингі бойынша Саджад Гянджзаде, Забихулла Пуршиб, Бахман Асгяри, Амир Мехдизаде сәйкесінше екінші, төртінші, бесінші және жетінші орындарды иеленген.
Хамун Дерафшипур мен Салех Абазари Дүниежүзілік Карате федерациясының рейтингінде сегізінші орын алды.
Сонымен қатар, әйелдер арасында Хамиде Аббасәли 11-ші, Тарават Хаксар 14-ші, Сара Бахманиар 18-ші, Дүниежүзілік Карате федерациясының рейтингінде жоғары нәтиже көрсетті.