Иран физигінің әріптестігімен сығымдалған ауадан қуат алу жүйесі жасалды
Еуропаның іргелі ғылымға негізделген бір стартап компаниясы ирандық бір ғалыммен әріптесіп, сығымдалған ауадан қуат алатын аппарат жобалап, жасады.
Дублиндегі Тринити колледжінде наноқұрылымдар мен бейімделгіш құралдарды зерттеу институтының аға физигі Амир Саджа Исмаили бұл жобаны жалғастыру үшін 6 млн доллардан астам инвестиция салынған, АҚШ-тағы ең ірі компьютерлік компаниялардың бірінің бұл жүйенің сауда нарығының көлемін 4 млрд доллардан артыққа бағалағанын айтты.
Ирандық физик аталмыш жобаны жалғастыру туралы: "Дублинде эксперименттік үлгісін жасағаннан кейін АҚШ-тағы Аризона штатының университеті әріптестік жасауға қызығушылық танытып отыр. Ауыр өнеркәсіп компрессорларын жасайтын басты компанияларға жақын орналасуына байланысты бұл университет іргелі ғылымға негізделген осы компанияны өнеркәсіптік үлгілерді жасау үшін өз жұмысын Аризона штатына ауыстыруға шақырды",-деді.