Қаң 06, 2019 16:10 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың тыңшылық ұшағы Ресейдің Сириядағы әскери базасының жанынан ұшып өтті

Кейбір ақпарат құралдары АҚШ тыңшылық ұшағының Ресейдің Сириядағы Хмеймим әскери базасының жанында екі сағат бойы ұшып жүргенін хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, «Fort Russ News» ақпарат сайты: «АҚШ Теңіз күштерінің Boeing P-8 Poseidon тыңшылық ұшағы Сирия жағалауында екі сағат бойы ұшып жүрген. Бірнеше рет осы елдің солтүстік-батысындағы Латакия облысының Хмеймим елді мекеніндегі Ресейдің әуе базасына жақындаған»,-деп жазды.

Осы мәліметке сәйкес, АҚШ жуырда Ресей шекераларына жақын маңда барлау амалдарын күшейткен, тіпті өткен аптада  бұл елдің Boeing AC-135 ұшағы Қырым түбегіне жақын маңда үш сағат бойы барлау жұмыстарын жүргізген.

 

 

Тегтер