Иранның Қорғаныс министрі Боливия президентімен кездесті
ИИР-ның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі Боливия президентімен кездесуінде екі елдің халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықтарын дамытуға мүдделік танытты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі бригада генералы Амир Хатами Венесуэлланың астанасы Каракаста Боливия президенті Эво Моралеспен кездесуінде екі елдің халықаралық деңгейдегі екіжақты ынтымақтастықтарын достық сипатта ие екенін атап, барлық тәуелсіз және революциялық халықтардың мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтып, оларды дамыту қажеттігін қуаттады.
Эво Моралес Иранға халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтауда, әсіресе Батыс Азия аймағында лаңкестікпен күресуге қатысты ұстанымдары мен сіңірген еңбегі үшін алғыс білдіріп, екіжақты ынтымақтастықтарды дамытуға мүдделік танытып, Боливияның Иранның жанынан табылатынын айтты.
Бригада генералы Амир Хатами Боливия үкіметіне революциялық және тәуелсіз ұстанымдары үшін алғыс айтып, Моралестің президенттік кезеңіндегі елдің жеткен жетістіктерін мақтап, Иранның ынтымақтастық жасауға, әсіресе технологияны жеткізуге дайын екенін баса айтты.