Үш ирандық Азияның үздік спорт фотографтарының қатарына енді
Қаң 15, 2019 11:49 Asia/Almaty
Ирандық үш фотограф спорт ақпараты саласындағы Азияның үздік фотографтары ұйымының тізіміне енді.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Спорт ақпараты халықаралық ұйымы 10 үздік фотографтың есімін жариялады. Солардың қатарында ирандық Мариям Маджд, Амин Мохаммад Джамали және Наим Ахмадидің есімдері тіркелді.
Мариям Маджд – есімі аталмыш тізімге тіркелген жалғыз ирандық әйел.
Осы мәліметке сәйкес, Спорт ақпараты халықаралық ұйымында әлемнің 119 елінен келіп түскен 1273 сурет бағаланған.
Тегтер