Футболдан Азия кубогында Иран жеңімпаз ретінде келесі кезеңге жол тартты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i40897-Футболдан_Азия_кубогында_Иран_жеңімпаз_ретінде_келесі_кезеңге_жол_тартты
Иранның ұлттық футбол командасы Иракпен ойынды голсыз аяқтап, төртінші топтың жеңімпаз командасы ретінде Азия кубогының келесі кезеңіне жол тартты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 17, 2019 14:42 Asia/Almaty

Иранның ұлттық футбол командасы Иракпен ойынды голсыз аяқтап, төртінші топтың жеңімпаз командасы ретінде Азия кубогының келесі кезеңіне жол тартты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Азия халықтары кубогының 17-ші кезеңіндегі төртінші топта Иран мен Ирак ұлттық командаларының кездесуі кеше, сәрсенбі күні 19:30-да БАӘ-нің Дубай қаласындағы "Але Мактум" спорт кешенінде басталып, голсыз аяқталды.

Иранның ұлттық командасы осы нәтижемен 7 ұпай жинап, басты команда ретінде келесі кезеңге өтті.

Иранның ұлттық футбол командасы жексенбі күні Азия халықтары кубогының 1/8 кезеңінде B, E, F топтарында жеңген үш команданың бірімен ойнайды.