Макрон Франция әскерилерінің Сириядағы құзыры жалғасатынын қуаттады
(last modified Fri, 18 Jan 2019 12:49:44 GMT )
Қаң 18, 2019 18:49 Asia/Almaty
  • Макрон Франция әскерилерінің Сириядағы құзыры жалғасатынын қуаттады

Франция Президенті АҚШ-тың Сириядан шығу туралы шешіміне тағы қарсылық білдіріп, Франция әскерилері 2019 жылы да бұл елде қызметін жалғастыратынын мәлімдеді.

France Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бейсенбі күні Францияның оңтүстігіндегі бір әскери базада сөз сөйлеген Эммануэль Макрон: "Америкалық достарымыздың Сириядан кері шегінуі бізді ДАИШ-ты жою деген стратегиялық мақсатымыздан тайдыра алмайды",-деді.

Макрон Францияның АҚШ-қа еріп, Сириядан шығу мүмкіндігі туралы болжамдарға реакциясында: "Күрес әлі аяқталған жоқ. Біз өз әскерилерімізді әлемде орналастыру жағдайын қайта қарастырып, Таяу Шығыста тұрақтылықты қайтару жолындағы әріптестікке берік болуымыз қажет",-деді.

Макрон Трампқа Әскер шығарудағы кез келген асығыстықтың ағаттық болатынын ескертті.

Тегтер