Помпео Ирандағы америкалық тыңшыларды босатуды сұрады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i40948-Помпео_Ирандағы_америкалық_тыңшыларды_босатуды_сұрады
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео сенбі күні Twitter-дегі парақшасында үстемшіл екпінде жазба жариялап, Иран Ислам Республикасында тұтқындалған америкалық тыңшыларды босатуды сұрады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 21, 2019 08:46 Asia/Almaty
  • Помпео Ирандағы америкалық тыңшыларды босатуды сұрады

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео сенбі күні Twitter-дегі парақшасында үстемшіл екпінде жазба жариялап, Иран Ислам Республикасында тұтқындалған америкалық тыңшыларды босатуды сұрады.

Mehr ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Помпео Twitter әлеуметтік желісінде ИИР-на қарсы бос уәждері мен айыптауларын қайталап, Иранның адамдарды тұтқындауды тоқтауы қажеттігін айтты.

Иран Сот билігінің басшысы аятолла Садеқ Амоли Лариджани жуырда Ақ үй басшыларының америкалық тыңшыларды босату туралы айтқан араласушылық сипаттағы сөздеріне реакция білдіріп: "АҚШ-тың мемлекеттік қайраткерлері үстемшіл әдістері арқылы әлем халықтарына, әсіресе ИИР-на зұлымдық жасауды мақсат етеді",- деп мәлімдеген болатын.

Бірқатар америкалық азамат Иранда тыңшылық айыбымен тұтқындалып, Сот шешімімен түрмеде жатыр.