Иран командасы Бакуде каратеден өткен халықаралық жарыста жеңімпаз атанды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i40954-Иран_командасы_Бакуде_каратеден_өткен_халықаралық_жарыста_жеңімпаз_атанды
Иранның каратеден ұлттық жасөспірімдер командасы Әзірбайжанның Баку қаласында "Арпачай Оpen" атты каратеден өткен халықаралық жарыста 5 медаль алып, жеңімпаз атанды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 21, 2019 17:25 Asia/Almaty
  • Иран командасы Бакуде каратеден өткен халықаралық жарыста жеңімпаз атанды

Иранның каратеден ұлттық жасөспірімдер командасы Әзірбайжанның Баку қаласында "Арпачай Оpen" атты каратеден өткен халықаралық жарыста 5 медаль алып, жеңімпаз атанды.

Бакуде 800 каратеші қатысқан халықаралық жарыста Иранның ұлттық жасөспірімдер командасы 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль алып, жеңімпаз атанды.

Бұл жарыста Әзірбайжанның  ұлттық жасөспірімдер командасы екінші, Грузия командасы үшінші орынды иеленді.

18-21 қаңтарда Бакуде каратеден өткен халықаралық жарысқа Иран, Әзірбайжан, Ресей, Түркия, АҚШ, Грузия, Өзбекстан, Қазақстан, Украина мен Чехия командалары қатысты.