Венесуэлада АҚШ елшілігі мен консулдық бөлімдері жабылады
(last modified Fri, 25 Jan 2019 08:56:28 GMT )
Қаң 25, 2019 14:56 Asia/Almaty
  • Венесуэлада АҚШ елшілігі мен консулдық бөлімдері жабылады

Венесуэла Президенті өз еліндегі АҚШ елшілігі мен барлық консулдық қызметтерінің жабылатынын мәлімдеді.

ИРНА ақпарат агенттігінің жұма күнгі мәліметі бойынша, Николас Мадура Мексика мен Уругвайдың Венесуэладағы саяси дағдарысты шешу үшін оппозициямен келіссөздер жүргізуіне келісті.

Ресей Президенті Владимир Путин   Николас Мадурамен телефон арқылы сөйлесіп, оны Венесуланың Президенті ретінде қолдайтынын қуаттады.  Венесуэла Президенті Ресейдің қолдауына алғыс білдірді.

Мадура АҚШ-тың дипломатиялық орындарын жабу туралы шешімді Трамп оппозиция басшысы Хуан Гуаидоны Венесуэланың уақытша президенті ретінде ресми түрде таныған соң қабылдады.