Ұлыбританияда Венесуэланың 1,2 млрд доллары бұғатталды
Ұлыбританияның Орталық банкі Вашингтонның кеңесімен Венесуэла үкіметінің өз қаражатын беруден бас тартты.
АҚШ-тың Bloomberg ақпарат арнасының сенбі күнгі хабарлауы бойынша, Ұлыбританияның Орталық банкі Венесуэла Президенті Николас Мадуроның елінің валюталық қорын тасымалдау туралы өтінішіне теріс жауап берді. Венесуэланың құны 1,2 млрд долларды құрайтын алтын қоры Ұлыбританияның Орталық банкінде сақталынады.
Bloomberg ақпарат арнасының хабарлауы бойынша, АҚШ басшыларының, соның ішінде Мемлекеттік хатшы Майк Помпео мен Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтонның Лондондағы әріптестерімен ықпалдасуы Ұлыбритания Орталық банкінің осындай әрекет жасауына себеп болды.
Bloomberg ақпарат арнасы: «Вашингтон Венесуэланың алтын қорын өз-өзін «президент» деп жариялаған Хуан Гуайдоға жеткізуге талпыныс жасап жатыр»,-деп хабарлады.