Лавров: Иран, Түркия және Ресейдің Сирия жөніндегі отырысы ақпанда өтеді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i41073-Лавров_Иран_Түркия_және_Ресейдің_Сирия_жөніндегі_отырысы_ақпанда_өтеді
Ресей Сыртқы істер министрі Лавров дүйсенбі күні Иран, Түркия және Ресей президенттерінің Сирия жөніндегі төртінші саммитінің ақпанда өтетінін хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 29, 2019 14:44 Asia/Almaty
  • Лавров: Иран, Түркия және Ресейдің Сирия жөніндегі отырысы ақпанда өтеді

Ресей Сыртқы істер министрі Лавров дүйсенбі күні Иран, Түркия және Ресей президенттерінің Сирия жөніндегі төртінші саммитінің ақпанда өтетінін хабарлады.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сергей Лавров Қазақстанның Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловпен Астанадағы кездесуінде Ресей Сыртқы істер министрлігінің жақын арада бұл туралы мәлімдеме жариялайтынын, саммиттің Ресейде өтетінін айтып: «Сирия бейбітшілігі тақырыбындағы халықаралық келіссөздердің 12-ші кезеңі ақпанның ортасында Сирия үкіметі мен қарсыластары және Ресей, Түркия, Иран өкілдері мен БҰҰ бақылаушыларының қатысуымен Астанада өтеді»,- деді.

Осы уақытқа дейін Астанада Сирия дағдарысын шешуге арналған 11 отырыс өтті.