Мадуро: Венесуэла армиясы бүлікке шақыруға қарсы жұмылуы тиіс
Венесуэла Президенті Николас Мадуро сәрсенбі күні ел армиясын АҚШ пен Венесуэла оппозиционерлерінің басшысы Хуан Гуайдоның бүлік шығару талабына қарсы жұмылуға шақырды.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хуан Гуайдо жаңа шеру өткізуге ниеттеніп отырған жағдайда Мадуро Венесуэла армиясын бірігуге шақырды.
АҚШ Президенті Дональд Трамп Венесуэланың ішкі істеріне араласу саясатын жалғастырып, сәрсенбі күні осы ел оппозиционерлерінің басшысы Хуан Гуайдомен телефон арқылы сұхбаттасты. Трамп бұл сұхбатта Гуаидоны қолдайтынын тағы қуаттады.
Тараптар осы телефон арқылы сұхбатта алдағы күндері алдын ала жоспарланған көше бүліктері барысында байланысты жалғастырып тұруға келісті.
Сондай-ақ, АҚШ Президенті Twitter-дегі жеке парақшасында Венесуэла халқын осы елдің заңды Президенті Николас Мадуроға қарсы шеруге қатысуға шақырды.