Иран мен Жапонияның ынтымақтастықтары артады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Лариджани Токиода Жапония Парламенті Кеңесшілер палатасының президенті және бірқатар өкілімен кездесуінде Иран мен Жапонияның ынтымақтастықтарын кеңейту үшін маңызды қадамдар жасау қажеттігін қуаттады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Әли Лариджани бүгінгі кездесуде сөйлеген сөзінде Иран мен Жапония қарым-қатынастарының ежелден келе жатқанын, екі ел арасында саяси байланыстардың орнатылғанына 90 жыл толғанын, кейбір мемлекеттердің достық қарым-қатынасқа қайшылық тудыруды көздейтінін, бірақ оларға рұқсат бермеу қажеттігін баса айтты.
Жапония Парламенті Кеңесшілер палатасының президенті Тюити Датэ де Иранның парламенттік делегациясымен кездесуінде Иранды бай өркениет иесі және Таяу Шығыстағы ең үлкен мемлекет деп атап: "Иран мен Жапония қарым-қатынастарының тамыры тереңге бойлаған. Жапония Премьер-министрі мен Иран Президентінің кездесуінен кейін екі ел арасында байланыстар арта түсті. Жапония "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдады",- деді.