Венесуэла оппозициясының басшысы америкалық көмектің бірінші партиясының жеткенін хабарлады
(last modified Tue, 12 Feb 2019 12:54:03 GMT )
Ақп 12, 2019 18:54 Asia/Almaty
  • Венесуэла оппозициясының басшысы америкалық көмектің бірінші партиясының жеткенін хабарлады

АҚШ-қа тәуелді Венесуэла оппозициясының басшысы Хуан Гуайдо дүйсенбі күні АҚШ-тың гуманитарлық көмегінің бірінші партиясының жеткенін хабарлады.

"Рейтерс" агенттігінің мәліметі бойынша, Гуайдо сырт көзге азық-түлік өнімдері сияқты көрінетін бумалардың суреттерін көрсеткенімен оларды қалай алғанын жазған жоқ.

Венесуэла Президенті Николас Мадуро Гуайдоның Америкадан гуманитарлық көмек алу туралы талпыныстарына реакция білдіріп: "Кейбіреулердің Венесуэлада гуманитарлық тұрғыдан төтенше жағдай орнады деп ойлауы – америкалық басшылардың ойынан шығарылған үгіт-насихаттарының салдары. АҚШ Венесуэланың ішкі істеріне араласу үшін сылтау іздеп отыр",- деді.