БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Иранда жасалған лаңкестік шабуылды айыптады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i41263-БҰҰ_Қауіпсіздік_кеңесі_Иранда_жасалған_лаңкестік_шабуылды_айыптады
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі өз мәлімдемесінде Иранның оңтүстік-шығысында жасалған лаңкестік шабуылды айыптады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 15, 2019 14:28 Asia/Almaty
  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Иранда жасалған лаңкестік шабуылды айыптады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі өз мәлімдемесінде Иранның оңтүстік-шығысында жасалған лаңкестік шабуылды айыптады.

Al-Alam ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі бейсенбі күнгі мәлімдемесінде  осы кеңеске мүше 15 елдің Иран үкіметі мен құрбан болғандардың жанұяларына қайғырып көңіл айтатынын және лаңкестіктің кез келген түрін халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке шынайы қатер деп санайтынын мәлімдеп, осындай лаңкестік әрекеттерді жасаушылар, ұйымдастырушылар, қаржыландырушылар мен демеушілердің сотқа тартылып, жауап беруі керектігін  қуаттады.

Аймақтағы кейбір араб елдері, соның ішінде Сауд Арабиясының қолдауына ие «Джейш ул-Золм» лаңкестік тобы мәлімдеме жасап, осы қылмыстың жауапкершілігін өз мойнына алды.