Иран – әлемде қолөнер бұйымдарын өндіру саласында үшінші мемлекет
Ақп 19, 2019 11:51 Asia/Almaty
Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының басшысы Иранның әлемде қолөнер бұйымдарын өндіру саласында үшінші ел, өнімдерінің әлемдік тіркелуі тұрғысынан бірінші ел екенін қуаттады.
Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының басшысы Алиасғар Мунесон Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесі төрағасының қатысуымен өткен рәсімде: «Иран – әлемде қолөнер бұйымдарының түрлілігі саласында үшінші, қалалар мен ауылдардың әлемдік тіркелуі тұрғысынан бірінші ел. Иран 8 қаласы мен 2 ауылын тіркеп, бірінші орында орналасты. Ираннан кейін Қытай 6 қаласы мен ауылын, Чили 4 қаласы мен 1 ауылын тіркеп, келесі орындарды иеленді»,- деді.
Тегтер