Венесуэланың әскерилері өле-өлгенше Мадуроға адал болып қалады
(last modified Wed, 20 Feb 2019 09:44:59 GMT )
Ақп 20, 2019 15:44 Asia/Almaty
  • Венесуэланың әскерилері өле-өлгенше Мадуроға адал болып қалады

Венесуэланың Қорғаныс министрі сейсенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамптың қоқан-лоққыларына реакция білдіріп, Венесуэла қарулы күштерінің өле-өлгенше ел Президенті Мадуроға адал болып қалатынын қуаттады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Владимир Падрино Лопес Венесуэла армиясының сарбаздары мен офицерлерінің еш уақытта шетелдік үкіметтің бұйрығына бағынбайтынын баса айтып: «Венесуэла сарбаздары мен офицерлері ел Президенті Николас Мадуро мен оның үкіметіне адал. Қарсыластар Мадуроны отставкаға кетіріп, жаңа үкімет орнату үшін Венесуэла әскерилерінің мәйіттерінің үстінен өтуі керек»,- деді.

Трамп дүйсенбі күні Венесула әскерилеріне Мадуроға адал болып қалатын болса, олар үшін ешқандай қауіпсіз мекен мен құтқарылатын жол қалмайды деп қоқан-лоққы жасады.