Әлемнің 60 елі Николас Мадуроның заңды үкіметін қолдады
(last modified Sun, 24 Feb 2019 03:51:50 GMT )
Ақп 24, 2019 09:51 Asia/Almaty
  • Әлемнің 60 елі Николас Мадуроның заңды үкіметін қолдады

60 елдің өкілдері халықаралық заңдар мен БҰҰ жарғысын қолдаушы топ ретінде БҰҰ-ның Нью-Йорктегі резиденциясында Венесуэланың Сыртқы істер министрі Хорхе Арреасаның қатысуымен жиналыс өткізді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, 60 елдің, соның ішінде Иран, Ресей, Қытай, Палестина, Сирия, Оңтүстік Африка, Куба, Алжир, Үндістан, Индонезия, Әзірбайжан, Солтүстік Корея, Қазақстан мен Пәкістан өкілдері жұма күні өткен жиналыста бөгде елдің БҰҰ-на мүше елдердің ішкі істеріне араласушылық әрекетін айыптады.

АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесі мәлімдеме жариялап, Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік  жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонның Венесуэла өзгерістерін бақылауды жалғастыруы үшін Оңтүстік Кореяға сапарын кейінге қалдырғанын хабарлады.