Иран 2018 жылы 806 тонна есірткі заттарын анықтады
Иранның есірткі заттарымен күрес штабының бас хатшысы генерал Мумени 2018 жылы Иранда 806 тонна есірткі заттарының анықталғанын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің жұма күнгі хабарлауы бойынша, генерал Ескандер Мумени Мәскеуде Ресейдің Шығыстану институты мен халықаралық істер кеңесі мүшелерімен кездесуінде: "БҰҰ-ның Есірткі заттары және ұйымдасқан қылмыстармен күрес кеңсесінің (UNODC) хабарлауы бойынша, Иран жалғыз өзі әлем бойынша апиынның 76 пайызын, морфийдің 67 пайызын, героиннің 17 пайызын анықтады. Иранда жылына шамамен 1 млрд доллар шекараларды нығайтып, есірткі заттары транзитімен күресуге жұмсалады. Өткен 40 жылдың ішінде Иранның тәртіп сақтау және қарулы күштерінен 3811 адам осы әлемдік түйткілмен күресте шәһид болды",-деді.