Электроэнергетикалық соғыс – АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы антигуманистік қатынасы
(last modified Mon, 11 Mar 2019 03:31:04 GMT )
Нау 11, 2019 09:31 Asia/Almaty
  • Электроэнергетикалық соғыс – АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы антигуманистік қатынасы

Вашингтон Венесуэла Президенті Николас Мадуроның солшыл үкіметін құлату үшін осы елге қарсы бүлдіргі әрекеттерін әлі де жалғастыруда. Венесуэланың ең ірі су электр стансасына киберлік жабуыл жасалып, елдің түкпір-түкпірінде электр қуаты сөніп қалғаннан кейін сенбі күні Венесуэланың "Сидор" ең ірі болат зауыттары кешеніне тиесілі трансформатор жарылып кетті.

АҚШ соңғы апталарда Мадуро үкіметіне қысымдарды арттыру үшін санкциялардың аясын кеңейтіп қана қойған жоқ, Венесуэланың ішінде бүлдіргі әрекеттер жасауды күн тәртібіне енгізді.  Соған сәйкес алтыншы наурызда Венесуэланың 70 пайыздан астам электр қуатын қамтамасыз ететін ең ірі су электр стансасына жасалған киберлік шабуыл медицина мен тасымал салаларында және тұрғындардың күнделікті өмірінде қиындықтардың туындауына соқтырды.

Куба Президенті Мигель Диас-Канель Венесуэлада электр қуатының сөнуіне соқтырған СЭС-тегі бүлдіргі әрекетті бұл елдің халқына қарсы лаңкестік әрекет деп атады.

Талайдан бері Мадуроның солшыл үкіметін құлатуға талпыныс жасап келе жатқан Вашингтон бүгін елдің нысандары мен инфрақұрылымдарына кибер шабуыл жасау арқылы елде әлеуметтік наразылық пен қақтығысты күшейтіп, қоғамдық пікірді осы елге әскери шабуыл жасауға дайындауды көздеп отыр.

Вашингтонның шаралары Венесуэла басшыларының осыдан біраз уақыт бұрын АҚШ-тың осы елге қарсы экономикалық соғыс жүргізіп жатқаны жайлы ескерткен жағдайда қолданылып отыр.  Венесуэла басшыларының көзқарасы бойынша, Вашингтон Венесуэланың қазба байлықтарына, соның ішінде бай мұнай қоры мен табиғи көздеріне қол жеткізуді көздеп отыр. Осы тұрғыдан Вашингтон экономикалық соғыс ашып, соның ішінде  қаржы, банк және мұнай саласына санкциялар салу және электр стансалары сияқты маңызды инфрақұрылымдарға шабуыл жасау арқылы іс жүзінде бұл елді тығырыққа тіреп, келесі кезеңде бұл елге әскери шабуыл жасауға жағдай қалыптастыруды мақсат тұтады. Мұндай шаралар халықаралық заңдар бойынша адамзатқа қарсы қылмыс саналады.

БҰҰ адам құқығы кеңесінің бұрынғы хатшысы Альфред де Зайас: "АҚШ пен оның одақтастарының Венесуэлаға қарсы экономикалық соғысы адамзатқа қарсы қылмыспен тең. Осы уақытқа дейін бұл соғыс Венесуэланың жүздеген азаматының өліміне себеп болды",-деді.

Халықтың табандылығы мен Мадуроға жақтасуы және ел армиясының оны қолдауы осы күнге дейін Вашингтон шараларының Венесуэлада нәтижеге жетуіне кедергі болып келеді. Сол себепті АҚШ үміті ақталмаған соң енді Венесуэлада электр қуатын сөндіру сияқты антигуманистік тәсілдерді осы елдің халқына қысым жасап, үкіметке қарсы шығуға итермелеу үшін қолданып отыр.