Иран мен Үндістанның сауда қарым-қатынасын кеңейту жолдары талқыланды
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдері мен Үндістанның әртүрлі экономикалық және өнеркәсіптік бөлімдерінің мүшелері арасындағы мамандандырылған отырыста Иран мен Үндістанның сауда қарым-қатынасын кеңейту жолдары талқыланды.
Иран Мәжілісінің ұлттық өндірісті қолдау комиссиясы мүшелерінің Бомбей қаласында Үндістанның өнеркәсіп конфедерациясы мүшелерімен өткен кездесуінде тараптар Иран мен Үндістан арасындағы сауда қарым-қатынасының потенциалды мүмкіндіктері мен екіжақты әріптестіктерді кеңейту жолдары туралы пікір алмасты. Кездесуде ирандық тарап Иран мен Үндістанның ұзақ жылдар бойы мәдени-достық қарым-қатынасқа және сауда мен мәдени салаларда ортақ қызығушылықтарға ие екенін айтып, екі елдің әріптестігін дамытуға кедергі келтіретін барлық тосқауылды жоюға ынта танытты.
Үндістан мамандары да өз елдерінің Иранмен бұрынғыдан көбірек сауда жасауға мүдделі екенін, кедергілерді жойып, Иран мен Үндістан сауда байланысын арттыруды қалайтынын мәлімдеді.