Сәу 12, 2019 18:16 Asia/Almaty
  • Ресей ресми ұстанымында АҚШ-тың Сақшылар корпусына қарсы шарасын айыптады

Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы ресми ұстанымда АҚШ-тың Сақшылар корпусын лаңкес деп атағанын айыптады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мария Захарова бейсенбі күні апталық баспасөз конференциясында АҚШ үкіметінің Ислам революциясы Сақшылар корпусын "Шетелдік лаңкестік ұйымдар" тізіміне қосуына білдірген реакциясында: "Мәскеу Вашингтонның Иранмен текетіресін бүлдіргі сипаттағы саяз қатынас екенін талай айтты",-деді.

Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ үкіметінің бұл шарасын айыптап, Иранның Сириядағы лаңкестік топтармен күрестегі рөліне тоқталып, Иран күштерінің Сириядағы құзыры заңды екенін, осы ел үкіметінің шақыруымен келгенін айтты.

Захарова АҚШ-тың ирандық күштерді Сириядан шығаруға талпынып жатқанын сынады.  

 

Тегтер