Мадуро халықтық жасақ санын арттыруға бұйрық берді
(last modified Sun, 14 Apr 2019 14:10:58 GMT )
Сәу 14, 2019 20:10 Asia/Almaty
  • Мадуро халықтық жасақ санын арттыруға бұйрық берді

Венесуэла Президенті 2019 жылдың соңына дейін өз әскерилерінің санын 1 млн-ға жеткізу мақсатында үкіметті жақтайтын халықтық жасақты кеңейтуге бұйрық берді.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Николас Мадуро сенбі күні Венесуэла астанасы Каракас қаласына жиналған мыңдаған әскеридің алдында сөйлеген сөзінде: "Иықтарыңызға асылған мылтықтарыңызбен отанды қорғап, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін дән себу үшін қажет жер жыртуға дайын болыңыздар",-деді.

Халықтық жасақты Венесуэланың марқұм Президенті Уго Чавес 2008 жылы құрды. Оның мақсаты Венесуэла армиясына көмектес болды.